ШЫМКЕНТ: Есірткі тасымалымен айналысқан бойжеткен ұсталды

0
1 327

Шымкент полицейлері есірткі тасымалымен айналысқан бойжеткеннің автокөлігінен есірткі тектес зат тапқан.


ШЫМКЕНТ: Есірткі тасымалымен айналысқан бойжеткен ұсталды

Иллюстрияциалық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Шымкент қаласында есірткі тасымалымен айналысты деген күдікпен 1990 жылы туған 28 жастағы бойжеткен қамауға алынды - ERNUR.KZ тілшісі.

Тәртіп сақшыларымен құрықтау кезінде күдікті қыздың көлігінен есірткі тектес зат табылған. Одан бөлек, "Нұрсәт" шағынауданындағы пәтерінен де есірткі заттары тәркіленіп алынған. Алдын ала сараптама нәтижесінде бұл заттардың есірткі тектес таблеткалар екендігі анықталған.

Ұсталған күдіктінің сөзіне қарағанда, есірткі тасымалымен айналысуға Алматы қаласындағы танысы үгіттеген. Алматы қаласындағы түнгі клубтардың бірінде танысқан жігіт бойжеткенге есірткі тасымалымен айналысуды, бұл істен аз пайда таппайтындығы туралы айтып ұсыныс жасайды. Оңай ақшаға арбалған ару бұл бизнесін жүйелі жүргізіп келген көрінеді. Бұл туралы Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков мәлімдеді.

"Күдіктінің үстінен ҚР ҚК нің 297 бабының 3-ші бөлігімен айып тағылып, тергеу барысында екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді",- дейді судья С.Айнабеков.