ШЫМКЕНТ: Ескі үйдің қабырғасы құлап екі адам қаза болды

0
2 561

Оқиға Шымкент қаласының тұрғын үй секторында орын алған.


ШЫМКЕНТ: Ескі үйдің қабырғасы құлап екі адам қаза болды

фото ғаламтодан алынған

ERNUR.KZ. Шымкенттегі Абай ауданы "112 квартал" шағын ауданындағы ескі үйдің қабырғасы құлап, екі адам қайтыс болды, деп жазады azattyq.org

Сонымен қатар, екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиғаны қалалық төтенше жағдайлар департаменті растап отыр.

"Бұл жеке тұрғын үйде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде болған жазатайым оқиға. Мұндай жайт төтенше жағдай ретінде тіркеуге алынбайды. Үйіндінің астында қалып қойған адамдарды алып шығуға мамандар көмектесті", - деді департаменттің ресми өкілі Зәуре Абдуллақызы.

Шымкент қалалық 1-клиникалық ауруханасының кезекші дәрігері Ахметжан Керімбаев ескі үйдің астында қалып, жарақат алған екі адамның 10 мамырда ауруханаға түскенін айтты. Оның сөзінше, екеуінің де аяғы сынған. Травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігер жағдайын қалыпты деп бағалады.