Шымкент гарнизонында құқық бұзушылық саны 68%-ға төмендеді

0
455

Оның ішінде ауыр қылмыстар 75 пайызға, ауырлығы орташа қылмыстар 50 пайызға және жеңіл қылмыстар 100 пайызға дейін азайды.


Шымкент гарнизонында құқық бұзушылық саны 68%-ға төмендеді

Шымкент гарнизонында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 68 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Бағлан Телеу брифинг барысында мәлімдеді.
Спикердің сөзінше, әскери прокуратура 9 айдан бері жаңа форматтағы жұмысты атқарып келеді. Ұйымдастырушылық шаралардың нәтижесінде жаңа модель қаламызда сәтті іске асырылып жатыр. Шымкент гарнизонында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 68 пайызға төмендеген. Оның ішінде ауыр қылмыстар 75 пайызға, ауырлығы орташа қылмыстар 50 пайызға және жеңіл қылмыстар 100 пайызға дейін азайды.
Сонымен қатар, қылмыстық істі тоқтату (немесе қысқарту) көрсеткіші 37,5 пайызға, сотқа жолданатын істердің саны 75 пайызға кеміді.
2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қаламызда ҚР Бас Прокуроры мен ҚР Ішкі істер министрінің бірлескен бұйрығына сәйкес, қасақана кісі өлтіру қылмыстары мен азаматтардың құқықтарына әсер ететін негізгі процестік шешімдердің прокурормен қабылдануы жөнінде пилоттық жоба іске асырылып жатыр.