Шымкент инвестиция тарту бойынша елімізде көшбасшылар қатарында

0
772

Биыл шетел инвесторларының қатысуымен 13,1 млрд теңгеге 350 жаңа жұмыс орнымен 5 жоба іске асырылды.


Шымкент инвестиция тарту бойынша елімізде көшбасшылар қатарында

Инвестициялық өсім бойынша Шымкент республикада 2-ші орында тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
– Қалада инвестиция көлемі артып келеді. Осы жылдың 10 айында қала экономикасына 223,4 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 54,3 пайызға артты. Бұл өсім бойынша елімізде екінші орында тұрмыз, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімінің айтуынша, Президенттің инвесторлардың пулын жасақтау бойынша 2020-2025 жылдар аралығында құны 1,4 трлн теңге құрайтын 157 инвестициялық жобалардың базасы әзірленген. Оның ішінде биыл шетел инвесторларының қатысуымен 13,1 млрд теңгеге 350 жаңа жұмыс орнымен 5 жоба іске асырылуда.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында құрылыс жұмыстары бойынша да көрсеткіш жоғары деңгейде. Спикердің сөзіне сүйенсек, қалада 10 айда 90,6 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 164,2 пайызды құрап отыр.