Шымкент: IT CAMP жас бағдарламашылары марапатталды

0
745

Жобаның мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің IT саласына қызығушылығын арттыру.


Шымкент: IT CAMP жас бағдарламашылары марапатталды

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен IT CAMP жас бағдарламашылар жобасы аясында оқыту сабақтарына қатысқан белсенді жастарды марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаның мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің IT саласына қызығушылығын арттыру. Отандық және жергілікті ІТ өнімдерін, жаңа компаниялар мен мамандарды даярлауға ықпал ету.

Жоба аясында PYTHON бағдарламасы арқылы жастарға модельдеу, бағдарламалау, смартфондарға арналған мобильдік қосымшаларды іске қосу мен сайт ашу бойынша 200 жасқа ZOOM платформасы арқылы тәжірибелік сабақтар ұйымластырылды.

Оқыту сабақтарында өзіндік белсенділігімен іріктеліп, топ жарған белсенді жастар қаржылай сыйақымен марапатталды.