ШЫМКЕНТ: Қайыршылық жасаған жасөспірімдер бейімдеу орталығына орналастырылды

0
1 057

Шымкенттік полицейлер кәмелетке толмағандардың қайыршылықпен айналысу фактілерінің жолын кесу мақсатында рейд жүргізді.


ШЫМКЕНТ: Қайыршылық жасаған жасөспірімдер бейімдеу орталығына орналастырылды

Шымкентте «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 9-16 қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің ювеналды полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік және көші-қон қызметінің қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қайыршылықпен айналысу фактілерінің жолын кесу және олардың құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Аталған іс-шараның 4 тәулік нәтижесінде қайыршылық жасаған 3 жасөспірім анықталып,ата-анасының бақылауынсыз жүрген 43 жасөспірім «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығына орналастырылды.

Сондай-ақ, балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 12 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен, Қоғамдық орында тиісу, қайыршылық жасау және өзге де әрекеттер жасау арқылы мазалап өтініш білдірген 82 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 46 шетел азаматтарына ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, қабылдап-тарату орталығына 50 тұлға орналастырылды.