ШЫМКЕНТ: Қала әкімі №45 мектеп-гимназиясына барды

0
633

Нысан құрылысы осы жылдың көктем айларында басталған.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі №45 мектеп-гимназиясына барды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов №45 мектеп-гимназиясы жанындағы қосымша ғимарат құрылысының барысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған нысан Ш. Қалдаяқов көшесінің бойындағы білім ошағының жанынан салынуда, ауданы 1,2909 га жерді қамтиды.

Мұнда жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қарастырылған. Сыйымдылығы 300 адам. 25 оқушы отыратын 12 сынып қарастырылған.

Нысан құрылысы осы жылдың көктем айларында басталған. Аяқталу мерзімі - келесі жылдың тамыз айы.

Шымкент қаласында үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі 2023 жылы, ал орын тапшылығы 2025 жылға дейін толығымен шешіледі. Шымкент қаласында сапалы білім беру үшін жағдай жасау мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 86 079 орындық 101 мектеп салынады. Қалалық білім басқармасының дерегінше, 2021 жылы 11 064 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға тапсырылған. Оның ішінде 4 мектеп мемлекеттік, 21 мектеп жекеменшік. Нәтижесінде, жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді. Мектептердің жөндеу жұмысына тоқталсақ, бүгінгі таңда қалада жалпы 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 10 нысанның құрылысы 2021 жылдан өтпелі, ал 24 нысанның құрылысы жаңадан басталған. Жыл соңына дейін 12 990 орынға арналған 4 мемлекеттік 13 жекеменшік мектепті пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қаламыздағы 23 мекеме күрделі жөндеуді қажет етеді. 2021 жылы 1 мектеп, 2 балабақша, 1 колледжге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы 5 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізуге 2 372,8 миллион теңге қаржы қаралды. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 4 мекеменің жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып қойған. Одан бөлек, 19 мекемеге жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.