​ШЫМКЕНТ: Қала әкімі дәріханаларды аралап, мониторинг жұмыстарын бақылады

0
739

Дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендерге қатаң шара қолданылады.


​ШЫМКЕНТ: Қала әкімі дәріханаларды аралап, мониторинг жұмыстарын бақылады

Шымкентте дәріханалардың жұмысына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар дәріханаларда болып, дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу бойынша мониторинг жұмыстарын өзі бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қалада 730 дәріхана бар. Оның 60%-ы үлкен, қалғаны – кіші дәріханалар. Аталған дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу қоры жеткілікті. Осы орайда дүрлігіп, рецептсіз босатылатын дәрілерді тым артық сатып алып жатқан қала тұрғындарын сабырға шақырамын! Бүгінде біздің мамандар тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде. Сол себепті жағдайды қалыпты деңгейде ұстаймыз", - деді қала әкімі.
Сондай-ақ шаһар басшысы, дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендерге қатаң шара қолданылатынын да атап өтті.
Айта кетсек, бұл ретте тұрғындар қала дәріханаларынан дәрі жетіспеушілігін байқаса, 109 (ikomek) сенім телефонына қоңырау шалуына болады.