ШЫМКЕНТ: Қала әкімі жұқпалы аурулар госпиталінің жұмысымен танысты

0
549

Аурухананы аралау барысында қала басшысы емдеу шараларын тиімді ұйымдастыруды және жалпы жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі жұқпалы аурулар госпиталінің жұмысымен танысты

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов «Ақжайық» шағынауданында орналасқан жұқпалы аурулар госпиталінің жұмысы мен қызмет сапасын арнайы барып, тексеріп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Инфекциялық орталықтың бас дәрігері Ережепов Бақтығалы түскен науқастарға ем-шара тиісті деңгейде көрсетіліп жатқандығын баяндады. Оның айтуынша, төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылған және екі айға жететін дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар.
Аурухананы аралау барысында қала басшысы емдеу шараларын тиімді ұйымдастыруды және жалпы жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, мамандандырылған инфекциялық стационарларда бүгінде барлығы 403 орын бар, төсек орын толымдығы 51 пайызды құрайды. Жұқпалы аурулар стационарында 209 адам, жансақтау бөлімінде 14 науқас ем қабылдауда. Қалада эпидемиологиялық жағдайға байланысты 5 мыңнан астам төсек-орын ашуға мүмкіндік бар.