ШЫМКЕНТ: Қала әкімі жылу жүйесінің құрылысымен танысты

0
289

Шымкент қаласының коммуналдық инфрақұрылымын дамыту қала басшысының басты назарында.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі жылу жүйесінің құрылысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы жүріп жатқан жылу жүйесімен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының коммуналдық инфрақұрылымын дамыту қала басшысының басты назарында. Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы бағытта атқарылып жатқан әрбір құрылысты тікелей бақылауына алып, оның сапасы мен мерзімінде аяқталуын қадағалауда.
Бүгін қала әкімі Ерімбетов көшесінің бойындағы жылу жүйесінің құрылысын аралап шықты. Жалпы ұзындығы 6 шақырымға жуық жылу құбырының 4,1 шақырымы орындалған. Ол желі осыдан бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген Нұрсәт шағынауданындағы АДЦ-160 Гкал қазандығына барып жалғанады. Осылайша мамандар жаңа қазандықтың артық қуатын қаланың орталық бөлігіндегі нысандарын жылытуға да пайдалануды көздеп отыр.
Нысан құрылысын мердігер мекеме «Компания Нурай Строй» ЖШС-гі жүргізуде.