​ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің уәдесі орындалып, тұрғындар қуанышқа кенелді

0
856

Бүгін Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 54 отбасы баспаналы болды.


​ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің  уәдесі орындалып, тұрғындар қуанышқа кенелді

Шымкент қаласында 1 шілде күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары баспана бойынша мəселе көтерген болатын. Қала басшысы М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген еді. Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, бүгін салымшылар қуанышқа кенелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 54 отбасы баспаналы болды. Оларға бұл бағдарламаның «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы бағыты бойынша «Нұрсәт» тұрғын алабы, Н.Назарбаев даңғылында орналасқан 9 қабатты 112 пәтерлік №24,26 (5,6) тұрғын үйлердің кілті табысталды.
Аталған бағдарлама бойынша берілетін пәтерлердің 50%-ы жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тіркелген банк салымшыларына (көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылары т.б.) берілу жоспарланған.
Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес бұл тұрғын үйлердің пәтерлері балдық жүйеде 73 банк салымшыларына бөлініп, иелеріне пәтер кілттері тапсырылды.