ШЫМКЕНТ: Қала тұрғындары «Музейдегі түн» іс-шарасын тамашалады

0
545

Мерекелік бағдарлама "Шымқала дастаны" театрландырылған хореографиялық қойылыммен басталды.


ШЫМКЕНТ: Қала тұрғындары «Музейдегі түн» іс-шарасын тамашалады

«Шымқала» тарихи- мәдени кешенінде "Музейдегі түн" тарихи іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараның мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарына көне Шымкент тарихын насихаттау, жәдігерлер құндылығымен таныстыру, жастарды тарихты зерттеуге, жәдігерлерді құрметтеуге үйрету, патриоттық сезімін ояту.
Мерекелік бағдарлама "Шымқала дастаны" театрландырылған хореографиялық қойылыммен басталды. Бұл дастан ұлы батылдық, елге деген махаббат пен намыс туралы.
Каскадерлер шоуында әскери жаттығулардан шеберлік сағатттары және түрлі ойын түрлері көрсетіліп, Шымкент қаласының өнерпаздарының қатысуымен ашық аспан астында этно-фольклорлық концерт ұсынылды.
"Қорқыттың көрі" театрландырылған қойылым да қала тұрғындарына керемет әсер сыйлады.
Ашық аспан астындағы "Шымқала" кешені туралы деректі фильмнің тұсауы кесіліп, хореографиялық қойылым, су және от шоулары ұйымдастырылды.