Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы ескертеді

0
1 014

Тамақтың ауырсынуы, қызба, әлсіздік белгілері байқалса шұғыл түрде «103» қызметіне хабарласу қажеттігін ескертеміз.


Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы ескертеді

Нұр-Сұлтан және Алматы қаласынан Шымкентке келген тұрғындарды емханаға уақытша тіркеуге шақырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы Сізді және Сіздің айналаңыздағы жандардың денсаулығын қорғау мақсатында Шымкент қаласында тұрақтаған мекен-жайыңыз бойынша жергілікті емханаға уақытша тіркеуді ұсынады.

Сізде немесе Сіздің туыстарыңызда тамақтың ауырсынуы, қызба, әлсіздік белгілері байқалса шұғыл түрде «103» қызметіне хабарласу қажеттігін ескертеміз. Бұл өз кезегінде сіздің және сіздің жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға септігін тигізеді. Ұмытпаңыздар, денсаулықты сақтау ең бірінші сіздің қолыңызда!