Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

0
1 270


Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Албаев Рустам Қуанышбекұлы қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы растады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Рустам Албаев өз еркімен кеткен.

Алайда, оның неліктен мұндай шешімге келгендігі жөнінде нақты мәлімет жоқ.Қ

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы - Темірхан Варзилов.

Естеріңізге сала кетейік, Рустам Қуанышбекұлы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 3 ай алдын тағайындалған болатын.

Рустам Қуанышбекұлы 1978 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауданында туған. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын бітірген, мамандығы дәрігер. Медицина ғылымдарының кандидаты. Жоғары санатты кардиохирург дәрігер. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мәскеу қаласындағы А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми-зерттеу институтын тәмамдаған (2007-2010 ж.ж). Еңбек жолын Ақмола облыстық балалар ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған. Зеренді аудандық орталық ауруханасында хирург, 2005-2017 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық жол ауруханасында хирург, Ұлттық ғылыми медициналық орталықта кардиохирург, Алматы қаласындағы медициналық орталықтың кардиохирургия бөлімшесінде аға дәрігер, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі болып еңбек еткен. 2017 жылдан бастап бүгінге дейін Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы № 2 көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған.