Шымкент қалалық сотында ерекше фронт-кеңсе ашылды

0
937

Оның негізгі жұмысы – қала тұрғындарының сот төрелігін жедел жүзеге асырудың сұраныстарын орындауға бағытталады.


Шымкент қалалық сотында ерекше фронт-кеңсе ашылды

Шымкент қалалық сот ғимаратында «Кедергісіз» құқықтық көмек көрсететін фронт-кеңсенің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, соттың Ж.Тәшенов көшесіндегі қақпасында орналасқан кеңсе азаматтарға толық көлемде құқықтық қызметтерге қол жеткiзу мақсатында заманауи техникалармен және жайлы жиһаздармен жабдықталған. Оның негізгі жұмысы – соттың ашықтығын қамтамасыз етіп, қала тұрғындарының сот төрелігін жедел жүзеге асырудың сұраныстарын орындауға бағытталады.

Аталған кеңсе алты аумақтан тұрады: мұнда прокурор, медиатор және адвокаттардың қызмет көрсететін бөлмелері және ақпараттандыру мен татуластыру, өз-өзіне қызмет көрсету және балаларға арналған бұрыштар бар.

Сондай-ақ, ақпараттандыру орталығында тұрғындар кеңес беруші қызметкерлердің көмегіне жүгініп, кез келген сауалдарына заң тұрғысынан жауап таба алады. Сонымен қатар, фронт-кеңседе тараптарға қажетті уақытта дауды реттеу, ыңғайлы жағдайда жеке дара татуласуға байланысты келісім жүргізуге, бітімгершілік жобасын дайындау үшін татуласу бөлмесі қарастырылған. Оған қоса, кеңседе интернет желісіне қосылған компьютер арқылы өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы да бар, онда сотқа келушілер компьютермен «Сот бөлмесі» ақпараттық жүйесінің қызметін қолдана алады.