​Шымкент қалалық жастар орталығының басшысы тағайындалды

0
2 749

Ол әр жылдары Астана қалалық жастар басқармасында, республикалық жастар ұйымдарында басшылық қызмет атқарған.


​Шымкент қалалық жастар орталығының басшысы тағайындалды

Шымкент қалалық жастар ораталығының басшысы болып Нұрдәулет Тәңірберген тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрдәулет Тәңірберген М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетін тәмамдаған. Оның белсенді өмірі студенттік шақта «Ақиқат» жастар пікір сайыс клубынан бастау алды. Сондай-ақ, қызмет жолы Астана қалалық жастар басқармасында және «Жасыл Ел» т.б республикалық жастар ұйымдарында басшылық қызметпен жалғасын тапқан.