ШЫМКЕНТ: Қаланың бас дәрігері тұрғындарды қабылдады

0
411

Жеке қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдаған басқарма басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма берді.


ШЫМКЕНТ: Қаланың бас дәрігері тұрғындарды қабылдады

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдау барысында тұрғындар қаланың бас дәрігеріне медицина қызметкерлерінің дөрекі әрекеттеріне, дұрыс жүргізілмеген емдеу шараларына шағымданды.

Жеке қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдаған басқарма басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, шешілу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, келіп түскен өтініштер жеке тұрақты бақылауында болатындығын атап өтті.

Қабылдау барысында тұрғындар шағымданып қана қоймай, қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысына ұсыныстарын жолдады.

Айта кетейік, қаламызда балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы 9 медициналық ұйымда қалпына келтіру және оңалту емі жүргізілуде. Жалпы тәуліктік балалар төсек-орын саны - 391, күндізгі төсек орын саны - 101. Осы жылдың 6 айында оңалтудан өткен жалпы бала саны – 3 773. Өткен жылмен салыстырғанда 865 балаға көп. Тәулік бойы стационарда 2 842, күндізгі стационарда 931 бала оңалтудан өткен. Шымкент қаласындағы оңалту емін жүргізетін оңалту орталықтары мультитәртіпті команда, реабилтолог дәрігерлер, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, эрготерапевтер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ түзету педагогтары (ойын, музыка терапевттерімен, монтессори-терапия мамандарымен қамтамасыз етілген.

Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 пайыз.Қалада алты ай ішінде 2938 медициналық қызметкерлер шет елде және республикалық орталықтарында біліктілігін арттырған. Арнайы оқытудан өткен медицина мамандары арасынан қалада алғаш рет балаларға кеңес беру үшін он педиатриялық мобильді бригада құрылды.