​Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

0
4 291

Қайрат Нұртай - мемлекеттік басқару ісінде жоғары тәжірибелі маман.


​Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет туралы заңға және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымовтың шешімімен қала әкімінің бірінші орынбасары болып Қайрат Нұртай тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Нұртай - мемлекеттік басқару ісінде жоғары тәжірибелі маман.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кадрлық қамтамасыз ету департаментінде, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаменті, ҚР Президенті Кеңсесі, ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған.

2015 жылдың 26 қаңтарынан – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

2018 жылдың 4 шілдесінен – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет туралы заңға және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен қала әкімінің орынбасарлары болып Бауыржан Мамыталиев, Данат Есболұлы, Нұрсадық Ергешбек және Гүлжан Құрманбекова тағайындалды.