Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

0
1 532

Бұл қызметке "Шымкент - Адалдық алаңы" жобалық кеңесінің жетекшісі Ерасыл Төлебаев тағайындалды.


Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ерасыл Төлебаев тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ерасыл Әшірбайұлы білімі жоғары. Атап айтқанда «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, Шотландиядағы Британ университетінің «биологиялық ғылымдар» мамандығы бойынша түлегі. Сонымен қатар, Малайзиядағы мультимедиа университетінде білім алған және биотехнология мамандығы бойынша магистр.