​Шымкент қаласы прокуратура органдарында кадрлық өзгерістер орын алды

0
2 707

Шымкент қаласында үш бірдей ауданның прокуроры ауысты.


​Шымкент қаласы прокуратура органдарында кадрлық өзгерістер орын алды

Шымкент қаласы прокуратура органдарында кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне Сейдалиев Нұржан Ақыпбекұлы тағайындалды.



Н.А. Сейдалиев 27.01.1973ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Кеңесшіл селосында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетінде білім алған ол, Прокуратура органдарында 16 жыл қызмет еткен. Н.А.Сейдалиев осыған дейін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры қызметінде болған.



Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры қызметіне Хандиллаев Қантөре Мырзанұлы тағайындалды.

Қ.М. Хандиллаев 03.02.1978ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 20 жыл.

Қ.Хандиллаев осыған дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры қызметінде болған.


Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы Еңбекші ауданының прокуроры қызметіне Мықтыбек Талғат тағайындалды.


Т.Мықтыбек 13.04.1975ж. Шымкент облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінде заң факультетінде білім алған. Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 20 жылды құрайды. Жаңа лауазымға тағайындалмас бұрын Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы қызметін атқарған.



Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры қызметіне Айтишев Досымхан Әскербекұлы тағайындалды.


Д.Ә.Айтишев 24.09.1974ж. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетінде білім алған. Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 12 жылды құрайды. Ол бүгінге дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған .