Шымкент қаласы сәулет басқармасының басшысы пара алу үстінде ұсталды

0
1 591

"Бюджеттегі қаражатты аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген."


Шымкент қаласы сәулет басқармасының басшысы пара алу үстінде ұсталды

Шымкент қалалық сәулет басқармасының басшысы парамен ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол 2019 жылдың ақпанынан тамызына дейін мердігермен алдын-ала келісім жасау арқылы бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқырды деп күдікке ілінген.

ANTIKOR News-тің мәліметінше, күдікті Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.