Шымкент қаласын көркейту жұмыстары атқарылуда

0
4 287

Қураған ағаштарды санитарлық қырқу жұмыстары, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстарымен “Аяулы алақан” қоғамдық бірлестігі айналысуда.


Шымкент қаласын көркейту жұмыстары атқарылуда

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкен қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау, шағын аудандардағы кенеттен пайда болған қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстарын «Корпарация Ais» ЖШС, «БекАсыл Сервис» ЖШС, «Ақсемсер» ЖШС, «Нуреке Азия Бизнес» ЖШС, «Каусар Групп» ЖШС, «НұрСат» ЖШС, мекемелері атқаруда.

Аталған шара барысында қураған ағаштарды санитарлық қырқу жұмыстары, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстарымен “Аяулы алақан” қоғамдық бірлестігі айналысуда.

Атап айтсақ, Әл-Фараби ауданы аумағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау бойынша 7 учаскеге бөлінген, әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.

Айта кетейік, санитарлық жұмыстар, аула ішіндегі қураған ағаштарды қырқу және ішкі орам жолдарын тазалау жұмыстары бойынша толық ақпарат алу үшін: 54-96-54 сымтетігіне байланысу арқылы мәлімет ала аласыздар!