Шымкент қаласын сапалы интернетпен 100% қамтамасыз ету жоспарлануда

0
2 433

Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады


Шымкент қаласын  сапалы интернетпен 100% қамтамасыз ету жоспарлануда

Биыл Шымкент қаласын сапалы интернетпен 100% қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов қала әкіміне биылғы жоспарларын баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, 2020 жылы байланыс операторлары әкімдікпен бірлесіп 11 базалық станцияны орнатып, 16 тұрғын алапта талдау жұмыстарын жүргізді.
2021 жылы шалғайдағы тұрғын алаптарда 14 базалық станция, жеке инвесторлармен қаланың 16 шағынауданы мен тұрғын алаптарына оптикалық кабельді орнату көзделуде.
Биыл Open Shymkent Шымкент қаласының мемлекеттік қызметтері мен сервис порталы құрылады. Бірыңғай портал деректерді жаңарту және визуализация, қарапайым азаматтарға қолайлылық пен қолжетімділік, мәліметтер базасын сақтау, мемлекеттік жүйелермен интеграциялау, бір терезе қағидасы және қаланың басқа сандық қызметтерімен интеграциялауға мүмкіндік береді.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, биыл Темірлан тас жолы бойында «Ақылды» жаяу жүргіншілер өткелі жобасын іске асыру көзделуде. Бұл – тұрғындар қауіпсіздігі үшін қажетті жоба. Нақтырақ айтқанда, тұрғындар жаяу жүргіншілер жолағына аяқ басқанда көліктер үшін лазер сәулесі белгі береді. Жобаны «NurcomTel» компаниясы пилоттық режимде жеке өз қаржысы есебінен қолға алады.
Сондай-ақ, биыл әлеуметтік салаларды цифрландыру да жоспарда. Қаланың емханалары мен ауруханаларында дәрігерлердің QR-рейтингін енгізу, «Ақылды емхана» пилоттық жобасы іске қосылмақ. Білім беру мекемелерінің емтихандарын қашықтықтан өткізу, онлайн-олимпиада ұйымдастыру жобалары қолға алынбақ. Жалпы білім беру мекемелері мен білім беру басқармасы арасында электрондық құжат айналымы жүзеге аспақ.