Шымкент қаласында 1719 азамат уақытша жұмыспен қамтылды

0
813

137 мүмкіндігі шектеулі азамат түрлі жұмыс орындарына жолдама алды


Шымкент қаласында 1719 азамат уақытша жұмыспен қамтылды

2020 жылдың қаңтар – ақпан айларында Шымкент қаласында 1719 азамат уақытша жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтар болсақ, әлеуметтік жұмыс орындарына 34 азамат, жастар практикасына 759 жұмыссыз жас және қоғамдық жұмыстарға 926 адам жолданды. Одан бөлек 137 мүмкіндігі шектеулі азамат түрлі жұмыс орындарына жолдама алды.

Айта кету керек, аталған шаралардың барлығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты аясында жүзеге асырылуда.