Шымкент қаласында 5G мобильді байланысы сынақтан өтеді

0
729

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы тест жұмыстары сәтті аяқталған.


Шымкент қаласында 5G мобильді байланысы сынақтан өтеді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Үкімет отырысында 5G технологиясындағы байланысты дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.


Министр сөзіне сүйенсек, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы тест жұмыстары сәтті аяқталған. Ал, 2019 жылдың қазан айында Шымкент қаласында 5G мобильді байланысы тестілеуден өтеді.


Айта кетейік, Қазақстанда 5G технологиясын енгізу 2019 жылдың қазан-қараша айларында Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясында 5G технологиясының стандарты қабылданып, жиілік диапазоны анықталғаннан кейін басталады.

дереккөз: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі