Шымкент қаласында аялдамаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
575

Тазалық жұмыстарына 27 техника мен 112 адам жұмылдырылған.


Шымкент қаласында аялдамаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласының аудан аумақтарында негізгі көшелердің бойындағы аяқжолдарды, аялдамаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданы аумағында аяқжолдар, ирригациялық жүйелер және қоғамдық орындардағы аялдамалардың айналасын тазалау жұмыстары атқарылуда. Жалпы санитарлық тазалық жұмыстарына 27 техника мен 112 адам жұмылдырылған.
Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының Халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің күнделікті бақылауында.