Шымкент қаласында «Бекзат» фильмінің көрсетілімі өтті

0
1 794

«Бекзат» фильмі 3 қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіледі.


Шымкент қаласында «Бекзат» фильмінің көрсетілімі өтті
Шымкент қаласында Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Сәттархановқа арналған кинотуындының көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығында» 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің алдын ала жабық көрсетілімі өтті. Аталған кинотуындының режиссері – Мұрат Бидосов болса, басты рөлді Самат Әзімқұлов сомдаған.

Фильмінің жабық көрсетіліміне келген «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Ринат Кертаев 20 жасында өз елінің атын танытып кеткен батыр Бекзат барлық игі ілтипатқа қашан да лайық екендігін жеткізіп. Бекзаттың ата-анасына құрмет көрсетіп шапан жапты.

"Бекзат" фильмінің толық метражды картинасы 3 қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіледі деп жоспарланса, желтоқсан айынан бастап 6 бөлімнен тұратын "Бекзат" сериалының алғашқы көрсетілім "Хабар" телеарнасында көрсетілетін болады.

Фильмнің сюжеттік желісінде Бекзат Саттарханов өмірінің үш кезеңі қамтылады. Балалық шағы, боз бала кезеңі және өмірінің соңғы сәті.

Түсірілім жұмыстары Түркістан, Алматы және Ыстамбұл қалаларында өткен. Басты рөлді жас актер Самат Әзімқұлов ойнайды. Ол 2006-2007 жылдары кикбокстан жастар арасында екі рет Қазақстан чемпионы болған. Сонымен қатар туындыдан Ғалымбек Оспанов, Мұрат Жарылқасынов, Майра Мақұлбекова, Дулыға Ақмолда, Қуаныш Мұқатай, Бақдаулет Шаймахан және басқа актерлерді көресіздер.

Еске сала кетейік, Бекзат Саттарханов 1980 жылдың 4 сәуірінде Түркістанда дүниеге келіп, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алған. Сонымен қатар, Бекзат 18 жасында бокстан жастар арасындағы Азия біріншілігінің және 1998 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болып, бір жылдан соң Орталық Азия чемпионатында күміс медаль алған. Одан кейін, Азия және Орталық Азия елдерінің жеңімпазы атанып, 2000 жылы Гран При Кубогінің чемпионы болса, дәл сол жылы Сидней Олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінген. Алайда, Қазақ елінің батыры Бекзат Саттарханов 2000 жылдың соңында ойламаған жерден жол апатынан көз жұмды.