Шымкент қаласында дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда

0
759

Қаладағы 4 аудан аумағында дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүруде.


Шымкент қаласында дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласында дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар.

Қазіргі таңға көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелерге дезинфекция жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар тарапынан жүргізілуде.

Дезинфекциялау жұмысына жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, қаламыздағы әр аудан басшылығы коронавирус инфекциясының таралу жолдарын тежеу мақсатында ірі сауда орындарында дезинфекциялау жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде.

Бүгінде бұл жұмыстардың жалғасы ретінде Еңбекші ауданында орналасқан "Айна", "Көктем", "Евразия" "Әсел" базарлары мен "Эврика", "Север", "Фиркан Сити", "Грамад" сауда орындары залалсыздандырылды.

Осы ретте сатушыларға санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек екені түсіндірілді.