Шымкент қаласында коворкинг орталығы ашылды

0
2 806

Сонымен қатар, кішкентай келушілер үшін сурет үйірмелері де ұйымдастырылған


Шымкент қаласында коворкинг орталығы ашылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында бірегей коворкинг орталығының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Орталық қызметімен алғаш болып қала тұрғындары, «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев және Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов танысты. Айта кетейік, Отырар кітапханасының жанынан ашылған жаңа орталықта түрлі деңгейдегі семинарлар немесе дәрістер өткізуге, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін, сонымен қатар, шахмат және тоғызқұмалақ ойындарын меңгеруге толық жағдай жасалған.

Сонымен қатар, кішкентай келушілер үшін сурет үйірмелері де ұйымдастырылған.

Кітапхана директоры: «Жаңа орталық қызметі барлық отбасы мүшелері үшін газет-журналдардан қызықты мақалаларды оқып, өзара пікір алмасуына, үстел ойындарының жарысына қатысуына мүмкіндік береді», - дейді.

Айта кетейік, коворкинг орталығы Wi-Fi-мен жабдықталған. Барлық қызмет ақысыз түрде көрсетіледі. Мәулен Әшімбаев өз кезегінде, мұндай Орталықтар адам бойындағы зерделілікті қалыптастыруға зор септігін тигізетінін атап өтті.