​Шымкент қаласында пробация орталығы ашылды

0
2 037

Бұл орталықтың өзге пробация үйлерінен артықшылығы, жұмыспен қамту орталығының, денсаулық сақтау және білім беру саласының, сондай-ақ психолог және социолог мамандар бір орталықта қызмет көрсетеді.


​Шымкент қаласында пробация орталығы ашылды

Бас прокуратураның «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» жобасы аясында Шымкент қаласының прокуратурасымен пробация үйлерін бір орталыққа шоғырландыру бастамасы қолға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нәтижесінде Шымкент қаласы Бәйтереков көшесінде орналасқан Пробация орталығы ашылды.

Бұл орталықтың өзге пробация үйлерінен артықшылығы, жұмыспен қамту орталығының, денсаулық сақтау және білім беру саласының, сондай-ақ психолог және социолог мамандар бір орталықта қызмет көрсетеді.

Қабылдауды «бір терезе» қағидасы негізінде жүргізудің нәтижесіндеесепте тұрған тұлғаларға көрсетілетін қызметтер 4-5 күннен 1-2 сағатқа дейін қысқартылған.

Шараға қала әкімі, қала прокуроры және Шымкент қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылары қатысты.

Қала прокуроры өз сөзінде, пробациялық есепте тұрған 1134 адамға - психологиялық,63 адамға - құқықтық, оның ішінде 35-іне жергілікті атқарушы орган тарапынан бөлінген квота бойынша жұмысқа орналасу үшін құжат дайындауға көмек көрсетілгенін атап өтті.

Дереккөз: Шымкент қаласының прокуратурасы