Шымкент қаласында спорттық ангар пайдалануға берілді

0
1 588

Құрылыстың жалпы құны 84 566 400 теңгені құрайды.


Шымкент қаласында спорттық ангар пайдалануға берілді

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында спорттық ангар құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жиделі тұрғын үй алабында спорттық ангар құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Құрылыстың жалпы құны 84 566 400 теңгені құрайды.

Айта кетейік, спорттық ангардың құрылысын «Шалқар Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.