Шымкент қаласында жаңа әкім тағайындалды

0
1 551

Жаңа әкім осы уақытқа дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған.


Шымкент қаласында жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу бесінші сессиясында Шымкент қаласы абай ауданының әкімі болып Ғалымжан Әнуарұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ғалымжан Әнуарұлы 1983 жылы Бұрынғы ОҚО Ленин ауданында туған.

● 2005 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін экномист, 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін құқық бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы ретінде бастап, 2006-2012 жылдар аралығында Қазығұрт аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы болып бастап;

ОҚО қаржы департаменті денсаулық сақтауды және әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімінің бас маманы;

ОҚО қаржы департаменті бюджеттің атқарылуын үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы;

ОҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және ақпаратттық технологиялар бөлімінің бас маманы,

ОҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау;

ОҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, бюджет және мемлекттік сатып алу мониторингі бөлімінің меңгерушісі.

2012 жылдың мамыр айынан бастап ОҚО Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары лауазымын;

2017 жылдан осы уақытқа дейін Төлеби ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, осының алдында Абай ауданының әкімі болған Бұхарбай Парманов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.