Шымкент қаласында жаңа басқармалар құрылды

0
3 444

Шымкент қаласы әкімдігінің алғашқы бес басқармасы құрылды. Уақытша сынақ мерзімімен аталмыш басқармалардың басшылары да тағайындалды


Шымкент қаласында жаңа басқармалар құрылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы әкімдігінің алғашқы бес басқармасы құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Уақытша сынақ мерзімімен аталмыш басқармалардың басшылары да тағайындалды.

Атап айтқанда, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін Ахмет Өтегенұлы Татыбаев атқарады. Аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін ол Абай ауданының әкімі қызметін атқарған.

Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы басшылық етеді. Бұған дейін Бауыржан Ахметәліұлы Әл-Фараби ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып Нұрлан Кәукенұлы Қасымов тағайындалды. Бұған дейін ол Әлеуметтік сақтандыру қорының Павлодар облыстық филиалының директоры қызметін атқарған.

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының міндетін Тұрар Асхатұлы Ахметов атқарады. Бұған дейін ол «Tulip Tours» ЖШС-нің директоры және «APEX Consult» ЖШС-нің бас директоры қызметтерін атқарған.

Шымкент қаласының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетіне Юсупова Айнур Абдуахасқызы тағайындалды.