Шымкент қаласында жас генийлер турнирі өтіп жатыр

0
1 867

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына, сондай-ақ Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына арналған.


Шымкент қаласында жас генийлер турнирі өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында «Шырайлы Шымкент қаласында бізбен бірге жеңімпаз атан!» атты жас генийлер турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкентте қаласында алғаш рет «Юсимас-Қазақстан» және «Алиар-Юсимас» Халықаралық интеллектуалды даму академиясы ұйымдастырған «Шырайлы Шымкент қаласында бізбен бірге жеңімпаз атан!» атты менталды арифметика бойынша жазғы турнирі өтіп жатыр.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына, сондай-ақ Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала мәртебесі алуына арналған. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам балалар 3 күнге жоспарланған шараға қатысып, 1-жарыс күні жас генийлер жылдамдық есебінде емтихан тапсырып жатыр.

«Жазғы турнирдің мақсаты ментальды арифметиканың жас шеберлерінің арасында үздігін анықтау және мастер класстар өткізу. Сонымен қатар, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы тарихи ескерткіштермен таныстыру. Ал, ең басты нысанамыз, әр қалада дарынды балалардың дамуына, жетістікке жетуіне ықпал жасайтын орта қалыптастыру», - дейді ұйымдастыру алқасының төрайымы Үсенова Гүлнар.

Айта кетейік, Шымкентте өтіп жатқан жазғы турнирге Испания, Индонезия, Малайзия, Иордания, Біріккен Араб Әмірлігі және көптеген басқа елдерден жүлделі орын алған «UCMAS» студенттері қатысуда.

Сонымен қатар, жазғы турнирдің қонағы ретінде Ильяс Тохтарханов – калькулятор бала, ең ақылды бала ретінде Ресейдің Гиннес рекордтар кітабына енген, «Ұлт алтыны», «Ғажайып адамдар» бағдарламасының жүлдегері арнайы шақыртылған.

Еске сала кетейік, аталмыш турнир 3 күндік бағдарламадан тұрады. 1-ші күні жас гениилер 4 тур бойынша жарысып, үздігі анықталса, 2-күні еліміздің әр аймағынан жиналған балалар облыс, қала аймағындағы тарихи орындармен танысатын болады. Ал 3-күні балаларға арналған ойын-сауық кештері өткізілетін болады.