Шымкент қаласында «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылады

0
1 366

306 гектар жерге орнатылатын аймаққа инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары.


Шымкент қаласында «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылады

2020 жылы Шымкент қаласында үшінші жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі баспасөз мәслихаты барысында баяндады. Қала басшысының айтуынша қазір Шымкент қаласында 2 индустриялық аймақ жұмыс істейді, оларға берілген жер 100% игерілген. Бүгінгі күнге бұл аймақтарда құны 42 млрд. теңге болатын 67 жоба іске қосылған. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар арқасында 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Осы индустриалды аймақтар ашылғалы бері мемлекеттік қазынасына 16 млрд. теңге көлемінде салық құйылыпты.

Сондай-ақ, 2020 жылы үшінші жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. 306 гектар жерге орнатылатын аймаққа инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Бүгіннің өзінде 20 млрд.теңгеге 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнымен 20 жоба жүзеге асыруға инвесторлар ниет білдірген.Сонымен қатар, қала бойынша шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 15 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Одан бөлек, Шымкентте «Агроиндустриалды аймақ» ашу жұмыстары басталды. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін «Агроиндустриалды аймақта» аймақта құны 109 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылып, 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр.

Айта кетейік, Шымкент әкімінің сөзіне сүйенсек, 2019 жылы 14 гектар жерге жылыжай салынып, жылыжайлардың жалпы көлемі 183,5 гектарды құраса, 145 гектар жерге қарқынды бау егіліп, жалпы көлемі 708 гектарға жеткен. Ал, ауылшаруашылық кәсіпкерлерін қолдау мақсатында 2,9 млрд. теңгеге субсидиялар берілген.