Шымкент қаласында жыл басынан бері табиғи өрт тіркелмеген

0
1 129

Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Бейсембаев Аманбек Алтынбекұлы брифинг барысында мәлімдеді.


Шымкент қаласында жыл басынан бері табиғи өрт тіркелмеген

Жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында табиғи өрт тіркелмеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Бейсембаев Аманбек Алтынбекұлы брифинг барысында мәлімдеді.
Қала аумағында орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын 53 км және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 320,2 сондай-ақ орман алқаптарында 300 км, 377 км егіс алқаптарының айналасында минералдық жолақтар салу жұмыстары жүргізілді. Орман шаруашылық қожалықтары және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт- тактикалық оқу жатығу өткізілді.
Төтенше жағдайлар департаменті табиғи өрттерді алдын алу мақсатында қала аумағында орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг жүргізіліп, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Ауыл шаруашылық және шаруа қожалықтарымен, тұрғындармен қала аумағында орман - дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша белсенді үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 80-нен аса жиын, нұсқаулық, дөңгелек үстел өткізіліп, онда 800 жуық адам қамтылды. Өрт қауіпті кезең және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін алдын алу тақырыптарында бейнероликтер мен жадынама парақшаларын әзірлеуге Шымкент қаласының әкімдігінен 19 млн. теңгеден аса қаражат бөлініп, 5100 дана жадынама парақшалары мен плакаттар, 1 бейне ролик әзірленіп, 12 билборд дайындалып, қаланың көшелерінде орналастырылды.
Айта кетейік, қала аумағында егістік алқабы 12 939 га құрайтын 59 шаруа қожалықтары "Жасыл Белдеу" және "Бадам" 2 орман шаруашылығы бар. Олардың жалпы ауданы 5 мың 770 га құрайды.