Шымкент қаласындағы 4 су қоймасының жағдайы тұрақты

0
652

Жауын-шашын кезінде үйлердің аулаларынан жалпы 2000-ға жуық текше метр су шығарылды.


Шымкент қаласындағы 4 су қоймасының жағдайы тұрақты

Шымкент қаласында толассыз жауған жауын-шашынның салдары толық жойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисов 12-13 сәуір аралығында жауған жауын-шашынның салдарын жою кезінде жеке құрамның атқарған авариялық-құтқару жұмыстары туралы айтып өтті.

Жалпы қала аумағында Қаратау және Абай аудандарынан халықтан көмек көрсету туралы көп хабарламалар келіп түскен. Үйлердің аулаларынан жалпы 2000-ға жуық текше метр су шығарылып, 60-тан аса жеке құрам және 14 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар күні бүгінге дейін қала аумағында қарқынды жауған қардың салдарынан көшелерде құлаған ағаштардан тазалау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға қалалық коммуналдық қызметтер де ат салысуда.
Нұрболат Бекболатұлы қаладағы 4 су қоймасының жағдайы тұрақтылығын нақтылап, су деңгейі үнемі бақылауда турғандығын айтып өтті. Сонымен қатар қала аумағынан өтетін Бадам және Сайрам-су өзендерінің жағдайына тоқталып өтті.