Шымкент қаласындағы бірқатар тігін цехтарына бетперде тігетін жұмысшылар қажет

0
1 891

Жұмыс іздеген барша тігіншілерге мүмкіндік.


Шымкент қаласындағы бірқатар тігін цехтарына бетперде тігетін жұмысшылар қажет

Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар тігін цехтарына бетперде (маска) тігетін азаматтар қажет, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы шұғыл хабарлама таратты.

Ниет білдіргендер барша азаматтарды қалалық жұмыспен қамту орталығына жеке куәліктерімен келуін сұраймыз.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а С.Бәйтереков көшесі, 89.

Байланыс телефон номері: +7702 743 71 77