​Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындарды қабылдауды уақытша тоқтатты

0
2 524

ХАБАРЛАНДЫРУ! Өтініштер мен хаттарды электронды түрде электрондық Үкімет «E-gov» арқылы және қала әкімдігінің ресми сайтында «Shymkent.gov.kz» орналасқан виртуалды қабылдау арқылы, «Қазпошта», қала әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы, сондай-ақ, (+77477201717) Whattsap мессенджері арқылы жолдау,а болады.


​Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындарды қабылдауды уақытша тоқтатты

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!!!

Шымкент қаласы әкімі аппараты бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16.03.2020 ж. сағат 08:00-ден 15.04.2020 ж. сағат 07:00-ге дейінгі уақытқа төтенше жағдай енгізілгенін хабарлайды. Төтенше жағдайдың кезеңінде санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, барлық адамдар көп жиналатын объектілердің және іс-шаралардың қызметіне уақытша шектеулер қойылған.
Осыған орай, қала әкімі М.Әйтеновпен және қала әкімінің орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы тоқтатылады. Сонымен қатар, өтініштер мен хаттарыңызды электронды түрде электрондық Үкімет «E-gov» арқылы және қала әкімдігінің ресми сайтында «Shymkent.gov.kz» орналасқан виртуалды қабылдау арқылы, «Қазпошта», қала әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы, сондай-ақ, (+77477201717) Whattsap мессенджері арқылы жолдауыңызға болатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Анықтама телефондары: (87252) 24-73-09