Шымкент қаласының әкімі азаматтарды онлайн қабылдайды

0
1 167

"Бірінші онлайн-қабылдау ертең, 24 шілдеде өтеді. "


Шымкент қаласының әкімі азаматтарды онлайн қабылдайды

Шымкент қаласының әкімі ертең азаматтарды онлайн қабылдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ертең, 24 шілде, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды онлайн қабылдайды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
"Біз Халықпен жұмыс барысында барынша ашықтыққа қол жеткізгіміз келеді. Сіздердің сенімдеріңізбен кері байланыс біз үшін өте маңызды. Карантиндік режимді ескере отырып, біз азаматтарды қабылдау тәртібін қайта қарадық.
Біз азаматтарды онлайн қабылдаймыз! Бірінші онлайн-қабылдау ертең, 24 шілдеде өтеді. Ол үшін профильде көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, сізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыз", - деп жазды Мұрат Әйтенов.