Шымкент қаласының әкімі балалардың жаңа жылдық кешіне қатысты

0
2 192

№ 4 балалар үйінде бүгінде 80 бала тәрбиеленеді.


Шымкент қаласының әкімі  балалардың  жаңа жылдық кешіне қатысты

Шымкенттің № 4 балалар үйінде «Ғажайыпқа толы – Жаңа жыл» қайырымдылық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шырша тойына қатысып, балалардың қуанышына ортақ болды. Мұнда бүгінде 80 бала тәрбиеленеді.
Қала әкімі ұстаздар мен жас жеткіншектерді мерекемен құттықтады.
– Сіздердің үздік оқуларыңыз бен өнегелі тәртіптеріңіз еліміздің дамуына қосқан үлестерің деп білемін. Сіздер болашақта Қазақстанның тізгінін берік ұстап, елімізді одан әрі асқақтатады деп сенемін. Бұл үшін ел ертеңі – Cіздерге терең білім алып, жан-жақты дамуға ұмтылу қажет. Келе жатқан Жаңа жыл ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен тілек-ниеттеріңіздің орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін, – деді қала әкімі құттықтау сөзінде.
Айта кетсек, 2013 жылдан бері балалар үйіне Нұрсәуле Тастыбаева басшылық етеді. 1957 жылы құрылған мекеме 2014 жылы Шымкент қаласы № 4 балалар үйі мекемесі болып қайта тіркелді.