Шымкент қаласының әкімі Беларусь Республикасының техника ұсынушы мамандарымен кездесті

0
903

Шымкент әкімі: «Өрт сөндірушілер заман талабына сай жаңа техникамен қамтылуы қажет»


Шымкент қаласының әкімі Беларусь Республикасының техника ұсынушы мамандарымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Беларусь Республикасының «Пожснаб» жауапкершілігі шектеулі қоғамының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентке қажетті өрт сөндіру техникалары талқыланған кездесуде беларус мамандар заманауи өрт сөндіру техникаларын, арнайы жабдықтарын ұсынып, олардың мақсаты мен техникалық сипаттамасын түсіндірді.

Ал, Е.Айтаханов болса, өрт сөндіру техникасының талапқа сай болу керектігін атап өтті.

«Бүгінде еліміздегі үшінші мегаполис мәртебесін алған Шымкент қаласы халқының саны артып, шаһарда жаңа зәулім ғимараттар салынуда. Ал, мұндай биік ғимараттарда өрт қауіпсіздігін сақтау және тілсіз жаумен күресу оңай шаруа емес. Өрт мезгіл немесе уақыт таңдамайды, кез келген уақытта лап беруі мүмкін. Сондықтан, өрт сөндірушілер заман талабына сай жаңа техникамен қамтылуы қажет», - деді қала әкімі.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру бөлімшелерінде қазіргі таңда 75 бірлік техника болса, оның 13 бірлігі 20 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді және бұл көрсеткіш қала гарнизонына тиесілі техниканың 17%-ын құрайды екен.