​Шымкент қаласының әкімі Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

0
746

Жиында Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан әкімдері есеп берді.


​Шымкент қаласының әкімі Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деген болатын.

Жиында Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан әкімдері есеп берді. Аудан әкімдеріне Қоғамдық кеңес мүшелері сұрақ қойып, ұсыныстар айтты. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру және азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайту мәселелері қаралды.