Шымкент қаласының әкімі митрополит Александрмен кездесті

0
1 177

Митрополит өзге ұлт өкілдерінің наным-сеніміне құрметпен қарайтын қазақ елінің кеңдігі мен бірлігінатап өтті.


Шымкент қаласының әкімі митрополит Александрмен кездесті

Қала әкімі Ерлан Айтаханов Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесу барысында өңір аумағындағы діни жұмыстар барысы сөз болып, қаладағы этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы митрополитке сапары үшін алғыс білдіріп, халық бейбіт те келісіммен өмір сүруі үшін бір бағытта, бір іспен айналысу қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, шаһар басшысы қалада бейбітшілік пен келісімді, конфессияаралық татулықты сақтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атады.

Өз кезегінде митрополит өзге ұлт өкілдерінің наным-сеніміне құрметпен қарайтын қазақ елінің кеңдігі мен бірлігін айтып, қала басшысына қонақжайлылығы мен шіркеу істеріне тұрақты көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді.