Шымкент қаласының әкімі тұрғындардың сұрағына жауап берді

0
675

Тұрғындар тарапынан жолданған сұрақтардың басым бөлігі денсаулық, шалғай елді мекендердегі инфрақұрылым, транспорт және құрылыс саласына қатысты болды.


Шымкент қаласының әкімі тұрғындардың сұрағына жауап берді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында тікелей эфирде өтетін кезекті «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Әкім сағаты» бағдарламасы арқылы қала әкіміне тікелей сауал жолдауға болатыны туралы көрермендерге алдын ала хабарланған болатын. Арнайы Call орталық құрылып, арнаның ресми сайты мен әлеуметтік желілерде парақшалар арқылы сұрақтар қабылданды. Әкім сағаты хабарына биыл екінші рет қатысқан қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен шаһардағы сақтық шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
– Коронавирус инфекциясының ықтималды толқынына үш сценарий бойынша дайындалдық. А – қазіргі жағдай, 1 220 төсек-орын әзірленген. В – маусымдық эпидемиологиялық ахуал нашарласа, төсек-орын санын 4 016-ке дейін арттырамыз. Жағдай күрделіленетін болса С сценарий бойынша 5 416 төсек-орын дайындалады. Қазіргі таңда, Шымкент қаласы аталған үш сценарийге дайын, - деді қала әкімі.
Тұрғындар тарапынан жолданған сұрақтардың басым бөлігі денсаулық, шалғай елді мекендердегі инфрақұрылым, транспорт және құрылыс саласына қатысты болды.
Сонымен қатар, қала әкімі әлеуметтік желі мен Call орталыққа келіп түскен сұрақтарға ретімен жауап берді.