Шымкент қаласының бюджетіне өзгеріс енгізілді

0
1 736

Онлайн жиында Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекітілді.


Шымкент қаласының бюджетіне өзгеріс енгізілді

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетпіс үшінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында 3 мәселе қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Онлайн жиында Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекітілді. Жаңа бағдарлама негізгі 3 бағыттан тұрады. Онда 14 мақсат, 25 индикатор қамтыған.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі жылда үлкен жұмыс атқарған депутаттар корпусына алғысын айтып, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– Қаланың әрі қарай даму бағытын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданды. Өздеріңізге белгілі, 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы бойынша екі жылда үлкен істер атқарылды. Енді 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы жаңа форматта дайындалды. Бағдарламаны әзірлеу барысында қала тұрғындарының талап-ұсыныстары да ескерілді. Тұрғындардың негізінен инфрақұрылымды дамыту, көгалдандыру, қоршаған ортаны жақсарту, денсаулық сақтау саласын дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша ұсыныстары бағдарламаға енгізіледі. Құжатты іске асыруға барлық ресурстар жұмылдырылады. Өздеріңізбен бірлесіп, жылды табысты аяқтап отырмыз. Келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Жаңа жылда халқымыз игілікке, бақыт пен шаттыққа кенеле берсін. Барлықтарыңыздың шаңырақтарыңызға қуаныш, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге береке тілеймін, – деді қала әкімі.
Cессия cоңында «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы», «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» қала мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізілді.