Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі апта сайын тұрғындарды қабылдайды

0
967

Қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылуға болады.


Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі апта сайын тұрғындарды қабылдайды

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі қоғамдық қабылдау өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарландыру жасады.

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары, әр аптаның бейсенбі күні сағат 17:00-19:00 аралығында Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі қоғамдық қабылдау өткізеді», - делінген хабарламада.


Атап айтсақ, қоғамдық қабылдауға алдын ала 8-7252-24-74-82 телефоны арқылы жазылуға болады.

Өтетін орны: Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты, Н.Назарбаев даңғылы 10.