Шымкент қаласының тазалығы үшін 20 жаңа техника сатып алынды

0
1 063

Жалпы қазіргі таңда мекеме балансында 258 дана техника бар.


Шымкент қаласының тазалығы үшін 20 жаңа техника сатып алынды

Шымкентте қысқа дайындық жұмыстары пысықталып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы техникалардың қысқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «ЛТД Тұрмыс» ЖШСмекемесінің техникалық базасын аралады.

Биыл қала тазалығы үшін 20 жаңа техника, 4 газель сатып алынған. Жалпы қазіргі таңда мекеме балансында 258 дана техника бар. Оның ішінде 208-і арнайы техника болып есептеледі.

Жыл соңына дейін тағы 30 дана қоқыс шығаратын техника, 10 дана камаз сатып алынады. Сонымен қатар,«ЛТД Тұрмыс» ЖШСмекемесінің базасында 12130 м3 инертті материалдар жиналған. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 20000 текше метрге жетеді.

Одан өзге, қала әкімі күзгі отырғызылатын ағаш-көшеттерді көрді. Атап айтқанда биыл қалада 100 дана қарағай, 60 дана Қырым қарағайы, 40 көшет көк шырша, жай жапырақты ағаш - 18000 дана, лигуструм бұтақшалары -50000 дана, раушан гүлдер - 36000 дана, 60 дана бозарша егіледі.

Арнайы техникалардың жағдайымен танысқан қала әкімі сала басшыларына қыс мезгіліне 100 пайыз дайын болуды тапсырды.