ШЫМКЕНТ: Карантинде қыз ұзату тойын өткізген тұрғындар анықталды (видео)

0
1 370

Отбасылық мереке 6 тамыз күні сағат 17:00 шамасында өткен.


ШЫМКЕНТ: Карантинде қыз ұзату тойын өткізген тұрғындар анықталды (видео)

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасы мен мобильді топ өкілдері Жиделібайсын көшесі бойында орналасқан «БОМОНД» кафесінде қыз ұзату тойы болып жатқаны анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Енгізілген қосымша шектеулерге қарамастан, отбасылық мереке 6 тамыз күні сағат 17:00 шамасында өткен.

Шымкент қаласы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына процесуалды шешім қабылдау үшін жолданды.