ШЫМКЕНТ: Карантиндік стационарда жатқан 3 науқастан коронавирус анықталды

0
562

Олардың біреуі 2006 жылғы бала.


ШЫМКЕНТ: Карантиндік стационарда жатқан 3 науқастан коронавирус анықталды

Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 3 жағдай туралы ақпарат, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шымкент қаласында тіркелді. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Біреуі 2006 жылғы бала, екеуі 1967, 1971 жылғы әйел азаматы.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
08.04.2020 жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 23 адам анықталды.